TECHNO WOMEN In America!

2022 жылғы 12-28 қараша аралығында «Techno Women» коммерциялық емес ұйымының ресми делегациясы Қазақстанның әйел кәсіпкерлерін халықаралық деңгейде ілгерілету, тәжірибе алмасу, қыздар мен әйелдердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту бойынша әлеуетті серіктестер мен бағдарламаларды іздеу мақсатында Америка Құрама Штаттарына барды.

Пікірлес адамдар тобы Сан-Франциско мен Лос-Анджелес қалаларына барды.

Сапар барысында ірі технологиялық компаниялармен, АҚШ-тағы Кремний алқабындағы ұйымдармен бірқатар кездесулер, технологиядағы қыздарды қолдаумен айналысатын әйелдер коммерциялық емес ұйымдарымен келіссөздер, сондай-ақ IT индустриясындағы ірі ұйымдарға барып көру өткізілді. Сондай ақ бірқатар компаниялар мен ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар, делегацияның барлық мүшелері Қазақстан Президентінің сайлауында, консулдықта ұйымдастырылған сайлау пунктінде дауыс беруге қатыса алды.

Барлық алған білімдері мен инсайттарын, қыздар үйге әкеліп, Қазақстанда цифрлық болашақ идеяларын енгізуге және жүзеге асыруға дайын!!!