Techno Women коммерциялық емес ұйымы технологиялық бизнесті, еркін бәсекелестікті дамытуға және Қазақстанда және халықаралық деңгейде Techno Women мүшелерінің жобаларын ілгерілетуге ықпал етеді.

Технологиялық бизнесті қолдау мақсатында Techno Women келесі іс-шаралар шеңберінде цифрлық экономиканы дамыту бойынша бастамалар ұсынды:

2022 жылғы 27 тамызда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаеваның TechnoWomen қауымдастығының мүшелерімен кездесуі өткізілді.
«TW бастамалары» презентациясы 

2022 жылғы 28-29 қыркүйекте Techno Women қауымдастығы Астана қаласында өткен «Digital Bridge 2022» халықаралық цифрлық технологиялар форумы мен көрмесіне қатысты. Techno Women стенді осы іс-шараның жарқын стендттерінің бірі болды. Форум аясында Қазақстанда цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған Techno Women бастамалары таныстырылды.
«Digital Bridge үшін TW бастамалары» презентациясы  

2022 жылғы 3 қарашада Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляевамен кездесуде Techno Women қауымдастығының мүшелері Қазақстандағы технологиялық бизнесті қолдауға бағытталған заңнамалық бастамалармен шығып сөз сөйледі.
Смышляева ханымға арналған хат