TECHNO GIRLS  -Techno Women қауымдастығының STEM пәніне қыздарды тартуға, қыздардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға бағытталған әлеуметтік жоба.

Жобаның мақсаты-мектептерде, колледждерде, университеттерде және басқа да білім беру ұйымдарында жоғары сыныптар базасында TECHNO GIRLS клубтарының желісін құру.

Жобаның міндеттері:

  1. Мектептерде, колледждерде, университеттерде және өзге де білім беру ұйымдарында жоғары сыныптар базасында TECHNO GIRLS қыздар мен бойжеткендерге арналған клубтар желісін құру;
  2. TECHNO GIRLS қыздар мен бойжеткендерге арналған клубтар желісі үшін менторлар ретінде TECHNO WOMEN қатысушыларын/мүшелерін тарта отырып, менторингтік бағдарламаны ұйымдастыру және өткізу.
  3. Цифрлық дағдылар мен құзыреттерді, STEM пәндерін дамыту, қыздар мен бойжеткендердің кәсіби және жеке өсуін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру.
  4. Менторлар мен спикерлер ретінде TECHNO WOMEN қатысушыларымен/мүшелерімен іс-шараларды, онлайн/офлайн кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.
  5. Қыздарға мансаптық өсуге, кәсіптік бағдарлануға, жұмысқа орналасуға және басқа да кәсіптік дамуға жәрдемдесу.

TECHNO GIRLS Тұжырымдамасы