- This event has passed.
Ring the Bell for Gender Equality 2026: KASE БҰҰ-ның UN SSE жаһандық бастамасы аясында сауда-саттықтың ашылу салтанатын өткізеді
5 марта @ 08:30 - 17:00 UTC+6

2026 жылғы 5 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) Біріккен Ұлттар Ұйымының Sustainable Stock Exchanges Initiative (UN SSE) жаһандық бастамасына және «Rights. Justice. Action. For ALL Women and Girls» тақырыбына арналған «Ring the Bell for Gender Equality» сауда-саттықты ашу салтанатты рәсімін өткізеді.
Биыл іс-шара TechnoWomen ұйымымен серіктестікте HER Venture 2026 форумы аясында өтеді. Іс-шара қаржы нарығының өкілдерін, инвесторларды, кәсіпкерлерді және бизнес көшбасшыларын біріктіреді. Негізгі мақсат – технология, инновация және кәсіпкерлік арқылы әлемді өзгертіп жүрген әйелдерді қолдау, сондай-ақ экономика мен инвестиция саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілету.
Бағдарламада қаржыландыруға тең қолжетімділік пен әйелдер көшбасшылығын дамыту мәселелері бойынша сараптамалық пікірталастар, технологиялық жобалардың әйел негізін қалаушылар қатысатын стартап-питч сессиялары, сауда-саттықтың ашылуын білдіретін символикалық қоңырау соғу рәсімі және іскерлік нетворкинг қарастырылған.
KASE 2015 жылы UN SSE бастамасына қосылып, әйелдердің экономикадағы, бизнестегі және қоғамдық өмірдегі рөлін күшейтуге бағытталған халықаралық «Ring the Bell for Gender Equality» акциясын жыл сайын қолдап келеді. 2025 жылы бұл бастамаға әлемнің 100-ден астам елінен 100-ден аса қор биржасы қосылды, бұл оның жаһандық ауқымы мен маңыздылығын айқындайды.
Күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 наурыз, сағат 08:45
Өтетін орны: Narxoz Business School, Алматы қ., Жандосов көшесі 55/10, 3-қабат, Leadership Hall