Techno Women коммерциялық емес ұйымы 2022 жылғы 6 мамырда “Астана” халықаралық қаржы орталығында тіркелген.

TECHNOWOMEN пайымы – қоғамның трансформациясына, гендерлік теңдікті, адал бәсекелестікті ілгерілетуге, озық технологияларды қолдануға, цифрлық мәдениетті дамытуға және жоғары білімді, рухани бай және әлеуметтік жауапты жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін Орталық Азиядағы прогрессивті әйелдер қауымдастығының халықаралық желісін дамыту.

Techno Women Миссиясы– цифрлық әлемде барлық қыздар мен әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашу.

TECHNOWOMEN көзқарасы – қоғамның трансформациясына, гендерлік теңдікті, адал бәсекелестікті ілгерілетуге, озық технологияларды қолдануға, цифрлық мәдениетті дамытуға және жоғары білімді, рухани бай және әлеуметтік жауапты жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал ететін Орталық Азиядағы прогрессивті әйелдер қауымдастығының Халықаралық желісін дамыту.

Techno Women  мақсаты  – технологиялық индустрияларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, Орталық Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және прогрессивті әйелдердің жаңа класын қалыптастыруға ықпал ету.

Techno women міндеттері:

 

    1. Технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдердің кәсіби қауымдастығын дамыту.  
    2. Қыздардың STEAM пәндерін, бағдарламалау, робототехника бойынша білім алуына ықпал ету және ғылыми қызметке тарту.
    3. Әйелдердің жеке және кәсіби өсуін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру.
    4. Технологиялық салаларда әйелдер start up қозғалысын дамытуға ықпал ету және қазақстандық жобаларды халықаралық деңгейде ілгерілету. 
    5. Әйелдерді цифрлық экономикада өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандыру, сондай-ақ ғылым мен озық салаларда қыздар мен әйелдерді ілгерілету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
    6. Ғылым мен технологиялық салаларда гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін диалог алаңын құру.
    7. Технологиялық индустрияларға инвестициялар тарту және Қазақстанда және шетелде әйелдер жобаларын көбейтуге ықпал ету.