TechnoWomen сарапшылары киберқауіпсіздік және дербес деректерді басқару мәселелеріне арналған екі күндік дөңгелек үстелге белсенді қатысты.
Аталған іс-шара Commercial Law Development Program бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Орталық Азия елдері мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Талқылау барысында сарапшылар цифрлық құқықты үйлестіру, электрондық коммерцияны дамыту үшін трансшекаралық деректер алмасу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.
TechnoWomen ұйымы Орталық Азиядағы CLDP бағдарламасының сенімді серіктесі ретінде өңірдің салалық реттеушілерімен, технологиялық парктерімен және бизнес қауымдастықтарымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп келеді.
