IT Aiel және AqylTech жобаларының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстанда әйелдер мен өңірлік қатысушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға және инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған ауқымды IT Aiel және AqylTech технологиялық бастамаларының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімдері республиканың әр өңірінде өтіп, үздік жоба авторларының жетістіктері атап өтілді.

Алматы қаласында жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды. Мариша Атарбаева мен Анна Храмцова 100 балл жинап, естелік мүсіншелер, фирмалық өнімдер мен стикер жиынтықтарына ие болды. Сонымен қатар, ЖИ-сериалдар байқауында Айгүл Әбдірахманқызы Сәкиева 3-орынды иеленді.

Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық қатысушылардың үлесі ерекше атап өтілді. 100 балл жинаған Мадина Ерикқызы Бимаканова ауыл өкілі ретінде белсенді қатысқаны үшін бас жүлде – ноутбукпен марапатталды. Жеңімпазға сыйлықты TechnoWomen басқарма төрағасы Әзиза Темірқызы Шүжееваның атынан SKO Hub және Qyzyljar Creative Center директоры, TechnoWomen-нің СҚО-дағы өкілі Нұргүл Болатова салтанатты түрде табыстады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында Дамир Халитов жоба жеңімпазы атанып, мүсінше, фирмалық мерч және стикерлермен марапатталды.

Ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, еңбектері мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреді.