- This event has passed.
TechnoWomen Астанада Цифрландыру күніне орай медиа-ланч өткізеді
10 ноября @ 12:00 - 17:00 UTC+6

Қазақстан Республикасының Цифрландыру күніне орай TechnoWomen коммерциялық емес ұйымы журналистер мен блогерлерге арналған арнайы медиа-ланч ұйымдастырады. Бұл іс-шара қоғамдастық қызметінің қорытындыларын саралауға, негізгі жобаларды таныстыруға және жоғары технологиялар саласындағы әйелдер лидерлігін дамыту перспективаларын талқылауға арналған ашық диалог алаңы болмақ.
Кездесу барысында TechnoWomen басшылығы мен сарапшылары ұйымның атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, цифрлық дағдыларды дамытуға әрі технологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған IT Aiel және Aqyl Tech флагмандық бағдарламаларының жүзеге асырылу барысымен бөліседі. Шараға қатысушылар қоғамдастықтың стратегиялық бастамалары, ағымдағы жобалары және еліміздің цифрлық экожүйесін нығайтуға бағытталған жоспарлары туралы ақпарат ала алады.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:
-
TechnoWomen қоғамдастығы қызметінің қорытындылары;
-
IT Aiel және Aqyl Tech жобаларының жүзеге асырылуы мен нәтижелері;
-
Қоғамдастықтың негізгі бастамалары мен алдағы жоспарлары.
Іс-шара туралы ақпарат:
-
Күні: 2026 жылғы 10 қараша
-
Уақыты: 12:00
-
Өтетін орны: Астана қ., «Canelé» кофейнясы (2GIS картасындағы сілтеме)
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлерді цифрландыру трендтері мен технологиялық сектордың дамуын талқылауға бағытталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.