Qatar Development Bank ұсынған Pre-Accelerator Program 2026 бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды!
16 ноября @ 08:00 - 25 ноября @ 17:00 UTC+6

Дайын MVP немесе бастапқы өнімі бар және GCC/MENA нарығын бағындыруды көздейтін стартаптар Qatar Development Bank (QDB) ұйымдастырған 8 апталық Pre-Accelerator Program 2026 акселерациялық бағдарламасына шақырылады. Жоба Techno Women, Aqyl Tech, IT Riel және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Бағдарлама не ұсынады?
-
Инвестиция: QDB тарапынан 6% үлес орнына $75,000 дейін қаржылай инвестиция.
-
Менторлық: Халықаралық сарапшылардан тікелей менторлық және стратегиялық қолдау.
-
Нарыққа шығу: Стартап-виза алу және Катардың инновациялық экожүйесіне қол жеткізу.
-
Гибридті формат: Онлайн кезең + Доха қаласындағы офлайн кезең (2026 жылдың 16–25 қарашасы).
Басым бағыттар:
Бағдарлама келесі салалардағы технологиялық жобаларды қабылдайды:
-
B2B SaaS
-
Жасанды интеллект (AI)
-
Қаржылық технологиялар (Fintech)
-
Жеткізу тізбегі және логистика (Supply Chain & Logistics)
-
Агротехнологиялар (AgriTech)
-
Бiлiм беру технологиялары (EdTech)
-
Жылжымайтын мүлік технологиялары (PropTech)
-
Озық өндіріс (Advanced Manufacturing)
Өтінім тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 қыркүйек
Өз стартапыңызды халықаралық деңгейге көтеріп, Таяу Шығыстың қарқынды дамып келе жатқан нарығына шығу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Өтінімді келесі сілтеме арқылы тапсыруға болады: www.f6s.com/pre-accelerator-program-2026-application