Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

IT-шайдың жаңа кездесуіне шақырамыз!

30 июля @ 10:00 - 12:00 UTC+6

TechnoWomen қауымдастығы сіздерді кезекті IT-шай кездесуіне шақырады. Бұл – технология саласындағы көшбасшылармен пікір алмасуға, жаңа идеялармен танысуға және кәсіби байланыстар орнатуға арналған ашық алаң.

Кездесудің арнайы қонағы – MedHub компаниясының CEO-сы Тоғжан Қожалы.

Кездесу барысында MedTech саласының даму үрдістері, технологиялық жобаларды құру және дамыту тәжірибесі, сондай-ақ кәсіпкерліктің заманауи мүмкіндіктері талқыланады. Қатысушылар сарапшымен еркін сұхбат құрып, өз сұрақтарын қойып, пайдалы тәжірибе жинақтап, жаңа таныстықтар орната алады.

Күні: 30 шілде
Уақыты: 10:00–12:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Анет баба көшесі, 7/2, Coffee Boom

Қатысу тегін. Алдын ала тіркелу міндетті:

https://forms.gle/jkb6hgaKiXG2kpAG9

Технологияларға, кәсіпкерлікке, инновацияларға және цифрлық денсаулық сақтау саласының дамуына қызығушылық танытатын барлық қатысушыларды қуана қарсы аламыз!

Details

Date:
30 июля
Time:
10:00 - 12:00 UTC+6