- This event has passed.
Индонезия Республикасы Елшілігімен IT-Шай
21 февраля @ 11:00 - 13:00 UTC+6

2026 жылғы 21 ақпанда сағат 11:00-де Астана қаласындағы Индонезия Республикасының Елшілігінің Мәдени орталығында (Сарайшык көшесі, 14) TechnoWomen ұйымының Индонезия Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастыруымен халықаралық IT-Шай кездесуі өтеді.
Іс-шара технологиялар мен инновациялар саласындағы кәсіби диалогқа, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған алаң болмақ. Бағдарламада Индонезия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің немесе Елші Кеңесшісі мырза Густавтың құттықтау сөзі, сондай-ақ IT-Шай форматындағы ашық талқылау мен кәсіби нетворкинг қарастырылған.
Қатысушылар цифрлық трансформация, заманауи технологиялық шешімдер және халықаралық әріптестік мүмкіндіктерін талқылап, технология саласындағы әйел көшбасшылармен таныса алады.
Егер өз жобаңызды немесе бастамаңызды ұсынғыңыз келсе, тіркеу барысында көрсетіңіз. Ең үздік ұсыныстар іс-шараның негізгі бағдарламасына енгізіледі.
Орын саны шектеулі. Тіркелу мерзімі – 2026 жылғы 18 ақпанға дейін:
https://forms.gle/4bYrjYnmiKYxB8K27
Халықаралық кездесуде сізді қуана қарсы аламыз!