- This event has passed.
Жаңа деңгейдегі тренер бол: AqylTech және IT-Aiel жобаларына қабылдан
1 июня @ 08:00 - 17:00 UTC+6

Оқытушы рөлінен шығып, аудиторияға нақты әсер еткіңіз келе ме? Сізде заманауи бизнес-тренер құралдарын игеріп, дағдыларыңызды жаңа биіктікке шығару мүмкіндігі бар.
AqylTech және IT-Aiel жобалары аясында 2026 жылғы 1-10 маусым аралығында қаржылық сауаттылық бойынша «Тренерлерге арналған тренинг» өтеді. Бұл нақты тәжірибе мен нәтижеге бағытталған бағдарлама.
Бағдарлама барысында сіз:
-
Заманауи тренерлік құралдарды меңгересіз;
-
Аудиторияны баурап алу және олардың назарын ұстап тұруды үйренесіз;
-
Коммуникация мен топпен тиімді жұмыс істеу дағдыларын дамытасыз.
Негізгі нәтижелер:
-
Қаржылық сауаттылық материалдары негізінде өз салаңыз бойынша жеке оқыту бағдарламасын жасап шығасыз;
-
Тренер сертификатын аласыз;
-
Мамандығыңызды күшейтетін заманауи дағдыларға ие боласыз;
-
Үздік түлектер AI & Digital Bridge форумына шақырылады.
Кімдерге арналған: Мектеп, колледж және ЖОО оқытушыларына, жастармен жұмыс істейтін тәлімгерлерге және жастар орталықтарының қызметкерлеріне.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, ЦПГИ және Astana Hub қолдауымен жүзеге асырылады.
Тіркелу мерзімі: 30.05.2026 дейін.