Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған «Қаржылық сауаттылық және vibe coding» онлайн-оқыту бағдарламасына тіркеу басталды

24 ноября @ 15:00 - 17:00 UTC+6

2026 жылғы 24 қарашада жастар саясаты мен білім беру саласында еңбек ететін мамандарға арналған «Қаржылық сауаттылық және vibe coding» тақырыбында арнайы оқыту бағдарламасы өтеді. Іс-шара тәлімгерлердің,үйлестірушілер мен жастар бастамалары жетекшілерінің цифрлық және экономикалық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған.

Екі сағаттық қарқынды курс бағдарламасы заманауи дамудың екі негізгі бағытын біріктіреді. Қаржылық сауаттылық бөлімі аясында қатысушылар жеке және жобалық қаржыны басқарудың негізгі қағидаттарын,қаржылық қауіпсіздік пен жоспарлау мәселелерін қарастырады. Оқытудың екінші бөлімі жасанды интеллект құралдарының көмегімен цифрлық өнімдер әзірлеудің заманауи тәсілі – vibe coding тұжырымдамасына арналады.Бұл бағыт дәстүрлі бағдарламалау бойынша терең білімсіз-ақ веб-шешімдер жасауға және жұмыс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сессия қорытындысы бойынша тыңдаушылар күнделікті білім беру және ұйымдастырушылық қызметте заманауи ЖИ-құралдарын қолдану бойынша тәжірибелік білім алып, меңгерген дағдыларын жастар аудиториясына тиімді жеткізуге арналған әдістемелік ұсынымдарға ие болады.

Оқыту 2026 жылғы 24 қарашада сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Zoom платформасында онлайн форматта өтеді.

Бағдарламаға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Өтінім қалдыру үшін ұйымдастырушылардың Direct парақшасына немесе кез келген ыңғайлы мессенджерге хабарлама жазуға болады.

Details

Date:
24 ноября
Time:
15:00 - 17:00 UTC+6