- This event has passed.
Астана қаласында Орталық Азия консультативтік кездесуі өтеді: Өңірдің цифрлық күн тәртібін интеграциялау стратегиясы
28 сентября @ 16:00 - 18:00 UTC+6

2026 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласындағы Astana Hub алаңында Орталық Азия елдерінің цифрлық күн тәртібіне интеграциялануына арналған ұлттық консультативтік кездесу өтеді. Іс-шара B5+1 Cycle III ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік органдардың, IT-бизнестің, салалық қауымдастықтардың және сарапшылардың басын қосады.
Пікірталас алаңы Alem AI (Event Zone C4.6) аумағында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында жұмыс істейді. Кездесудің басты тақырыбы – Орталық Азияның бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыру, Tech-компаниялардың дамуына ортақ жағдай жасау және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері.
Қатысушылар цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы Орталық Азия елдерін интеграциялау туралы үкіметаралық келісім жобасын, Өңірлік жасанды интеллект этикалық кодексінің жобасын, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаларды өзара мойындау мәселелерін талқылайды. Бұдан бөлек, 2027 жылғы Өңірлік іскерлік күн тәртібі үшін бизнес ұсыныстары қарастырылады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – IT-бизнестің дауысын есту және технологиялық компаниялардың Орталық Азия нарықтарында еркін жұмыс істеп, кеңеюіне мүмкіндік беретін нақты бастамаларды бірлесіп айқындау.
Бес ел – бір өңір – бірыңғай цифрлық кеңістік.
Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/8Hud9aurQTW7FeHN9