24 сәуір күні Қызылорда қаласында QYL TECH / IT AIEL KYZYLORDA 2026 форумы өтті. Бұл іс-шара технология, білім және жаңа мүмкіндіктерді тоғыстырған маңызды алаңға айналды. Форум Студенттер сарайында ұйымдастырылып, студенттерді, жас мамандарды және әйелдер қауымын біріктірді.
Қатысушылар жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық және цифрлық дағдыларды дамыту бағыттарында пайдалы ақпараттар мен тәжірибелік инсайттар алды.
Форум қорытындылары:
- AI мүмкіндіктері: жасанды интеллектті табыс көзіне және кәсіби дамудың құралына айналдыру жолдары ұсынылды.
- Networking: жастар мен әйелдер арасында тәжірибе алмасу және жаңа байланыстар орнату мүмкіндігі қалыптасты.
- Жаңа белес: қатысушылар цифрлық әлемде даму үшін мотивация алды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Болашақ – білім мен технологияны меңгергендердің қолында.


