Кәсіби қауымдастықты жігерлендірген тағайындау: Әсел Жанасова Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды

echnoWomen ұйымының ұжымы TechnoWomen Стратегиялық кеңесінің мүшесі Әсел Жұбанышқызы Жанасованы Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі лауазымына тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды.

Бұл тағайындау — Әсел Жанасованың жоғары кәсібилігін, басқарушылық тәжірибесін және елдің инфрақұрылымы мен цифрлық трансформациясын дамытуға қосқан елеулі үлесін мемлекеттік деңгейде танудың айқын дәлелі.

TechnoWomen қауымдастығы үшін бұл оқиға — кәсіби көшбасшылық пен тиімді мемлекеттік басқарудың жарқын үлгісі. Ұйым мүшелерінің жетістіктері әйелдердің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы, экономиканы дамытудағы және ел болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлін кезекті рет растайды.

TechnoWomen ұжымы Әсел Жұбанышқызына Стратегиялық кеңес құрамындағы бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіре отырып, жаңа жауапты қызметте табыс, ауқымды мемлекеттік бастамаларды сәтті жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа биіктерге жетуді тілейді.