Жастарға арналған қаржылық сауаттылық, цифрлық дағдылар және жасанды интеллект бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды қолдауға арналған конкурсқа өтінім қабылдау басталды.
Конкурстың мақсаты – жастар арасында цифрлық білімді дамытуға бағытталған үздік идеяларды анықтау және қолдау. Нәтижесінде 5 үздік өңірлік жоба таңдалады.
Конкурсқа жастар ұйымдары, студенттік қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар және бастамашыл топтар қатыса алады.
Қатысу шарттары:
- 5–7 слайдтан тұратын жоба презентациясын дайындау
- өтінімді technowomen2022@gmail.com поштасына жіберу
Жеңімпаздарға ұсынылады:
- құнды сыйлықтар
- оқыту модульдері
- жобаны жүзеге асыруға ұйымдастырушылық қолдау
Бұл конкурс – өз идеяңызды таныстырып, қолдау алып, өңірлік деңгейде нақты өзгеріс жасауға мүмкіндік.