
BAQ.KZ: Қазақстанда әйелдер мен жастарға арналған тегін IT-бағдарлама іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әйелдер, жастар және әлеуметтік осал топтардың цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған жаңартылған IT-Aiel білім беру бағдарламасының іске қосылғаны жарияланды.

Optimism.kz: Әйелдерге арналған жаңа мамандықтар: Қазақстанда жаңартылған IT-Aiel жобасы іске қосылды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде әйелдер мен жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған жаңартылған IT-Aiel бағдарламасының басталғаны хабарланды. Бағдарлама аясында жасанды интеллект құралдары, электронды коммерция және киберқауіпсіздік бойынша оқыту қарастырылған.

Kazpravda.kz: 2025 жылы 11 000-нан астам қазақстандық жасанды интеллект мамандықтарын меңгерді.
Digital Bridge 2025 алаңында цифрлық дағдыларды дамытуға және әйелдерді IT саласына тартуға бағытталған AqylTech және IT-Aiel бағдарламаларының қорытындысы шығарылды.
Толығырақ:
https://kazpravda.kz/n/bolee-11-tysyach-kazahstantsev-osvoili-novye-spetsialnosti-po-ii-v-etom-godu/

Liter.kz: 35 жастан асқан әйелдерге арналған IT мамандықтары — цифрлық экономикаға шығудың нақты мүмкіндігі.
Мақалада әйелдердің цифрлық дағдыларын дамытуға және IT саласындағы мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған IT-Aiel бағдарламасы туралы айтылады.
Толығырақ:
https://liter.kz/it-professii-dlia-zhenshchin-starshe-35-realnyi-shans-ili-illiuziia-1759408104/

Digital Business: Қазақстандықтарға тұрмысты қатар алып жүріп, AI арқылы табыс табу жолдары түсіндірілді.
Мақалада әйелдерді цифрлық экономикада қолдауға бағытталған AgyTech және IT-Aiel бағдарламаларының дамуы туралы баяндалады.

Newsroom.kz: Қазақстан AI революциясын жеделдетуде — мыңдаған әйелдер мен жас мамандар жаңа цифрлық кәсіптерді игерді.
Жарияланым IT және кәсіпкерлікке жол ашатын цифрлық білім беру бастамалары туралы баяндайды.

Digital Business: Ақтөбелік мектеп оқушысы жастар нақты бизнес міндеттерін шешетін платформа құрды.
Материалда кәсіпкерлер мен мектеп оқушыларын біріктіретін, жасөспірімдерге тәжірибе жинақтауға және компаниялардың нақты кейстерімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Bizsolver жобасы туралы айтылады.

«AI серпілісінің жүрегіндегі әйелдер» брифингі Қазақстандағы жасанды интеллектті дамытудағы әйелдердің рөліне арналды.
Кездесу барысында цифрлық білім беру, IT саласындағы әйелдерді қолдау, IT AIEL жобасын дамыту және AI саласындағы стартаптарды іске қосу мүмкіндіктері талқыланды.