Бизнестің іргетасы: Amazon корпоративтік мәдениетінің қағидаттары талқыланды

Қазан айының 21-і күні Amazon Web Services (AWS) компаниясының Орталық Азия, Кавказ және Моңголия өңіріндегі директоры Инна Ожогинойдың қатысуымен Amazon корпоративтік мәдениетінің қағидаттарына арналған сараптамалық воркшоп өтті.

Кездесудің басты тұжырымы – тиімді корпоративтік мәдениет кеңсе қабырғаларындағы қағазда жазылған ұрандармен шектелмейді. Табысты ұйымның іргетасы – әрбір қызметкердің күнделікті шешімдері мен іс-әрекеттерінде көрініс табатын нақты құндылықтар. Бұл тәсіл әрбір команда мүшесі компанияның болашағына тікелей әсер ететін стартаптар мен қарқынды дамып келе жатқан ұйымдар үшін ерекше маңызға ие.

Іс-шара барысында екі іргелі қағидат атап өтілді:

  1. Сенім мәдениеті әлеуетті ашады. Өзара сенім ортасын қалыптастыру қызметкерлерге өздерінің кәсіби құзыреттерін толық іске асыруға және күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
  2. Әрекет еркіндігі мен жауапкершілік көшбасшылықты қалыптастырады. Өкілеттіктерді беру мен жоғары жеке жауапкершіліктің үйлесуі ұйымның барлық деңгейінде көшбасшылық қасиеттердің дамуына ықпал етеді.

Amazon тәжірибесі табысты компаниялардың тек технологиялар мен инвестицияларға ғана емес, ең алдымен адамдарға және өзара іс-қимыл стандарттарына сүйеніп құрылатынын көрсетіп отыр.

Ұйымдастырушылар Инна Ожогинаға терең сараптамалық ой-пікірлері мен корпоративтік мәдениеттің рөліне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік бергені үшін шынайы алғысын білдіреді.