Қазақстандық қыздар мобилді ойындарды жобалау және дамытуды оқитын болады

2022 жылғы 15 желтоқсанда “Цифрлық трансформация” қоғамдық қоры, “Techno Women” коммерциялық емес ұйымы және Parakozm Ltd жеке компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімге қол қоюдың мақсаты қазақстандық жастарды Zeba Academy it мектебінің платформасында ойын әзірлеуге, геймдевелопмент пен геймдизайн жасауға үйрету болып табылады.

Parakozm LTD компаниясы Қазақстанда, БАӘ-де және Бахрейн Корольдігінде кеңселері бар Халықаралық IT компаниясы, сондай-ақ IT дағдыларын дамыту үшін STEM білім беруге бағытталған ғылыми және техникалық қызметте кәсіби маман болып табылады.

Технологиялық салалардағы әйелдер мен қыздарды қолдауға арналған “Techno Women” коммерциялық емес ұйымы parakozm LTD компаниясымен бірлесіп “Unity және C# ойындарын әзірлеу” және т. б. тақырыптарда нөлден бастап тегін негізде оқыту вебинарларын ұсынуға дайын.

Курстардан өту нәтижелері бойынша электрондық сертификат берілетін болады. Бұл курс жалпы ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болмақ. Сонымен қатар, ұйымдар 2023 жылы келесі салаларда ынтымақтастықты жоспарлап отыр:

* STEM салаларында, атап айтқанда жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында тренингтер, курстар, іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастыру арқылы білім беруді ілгерілету;

* Үздік әлемдік тәжірибелерді пайдалану және озық оқу ресурстарын ұсыну арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жергілікті құзыреттерді дамыту;

* Елдегі оқушылардың біліктілігі мен тәжірибесін ілгерілету, білдіру, арттыру үшін өзара тиімді білім салаларын зерттеу және бөлісу;

* Тараптардың тиісті басшылығы арасындағы келісім бойынша жұмыстың басқа салаларындағы ынтымақтастық.

“TechnoWomen” қауымдастығы 2022 жылы Qwant бағдарламалау мектебінің гранттық қолдауымен қыздарға бағдарламалау бойынша тегін оқытуды, BTS Education қолдауымен тегін электрондық коммерция мектебінде қолөнершілерді оқытуды, сондай-ақ data boom мектебінің қолдауымен data science бойынша оқытуды ұйымдастырды.

“Цифрлық трансформация” қоғамдық қоры I-Ybray өңірлерінде, моноқалаларында балаларды бағдарламалауға оқыту бойынша тегін сыныптар ашу жобасын іске асыруда.

Тіркелу сілтемесі https://zeba.academy/ru/razrabotka-igr-unity/