“Techno Women” қозғалысы  2023 жылы Орталық Азия мен Шығыс Еуропада кеңейіп дамуда

2023 жылдың 10 қаңтарында «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы мүшелерінің бірінші Жалпы жиналысы өтті. Күн тәртібінде: ұйымның 2022 жылда атқарылған қызметтерінің қорытындылары, 2023 жылға арналған перспективтібағыттары мен алға қойған әлеуметтік жобалары талқыланды.

2022 жылды қорытындылай келе “TechnoWomen” ұйымының мүшелері өткен жылы ұйымның сәтті түрде жаңадан қалыптасқанын, ішкі ережелер әзірленіпбекітілгенін, бірегей корпоративтік мәдениет қалыптастырылғанын және Қазақстанның прогрессивті әйелдерінің белсенді қоғамдастығы ұйымдастырылғанын атап өтті. “TechnoWomen” стратегиялық комитеті өз жұмысын бастады, оның құрамына IDC Орталық Азиядағы басшысы Андрей Беклемишев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова, «Қазпочта» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жанасова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, Қайта жинау академиясының негізін қалаушы Надя Жексембаева кірді.

2022 жылы “TechnoWomen” келесі бағыттар бойынша мынадай іс-шараларды жүзеге асырды:

1. Цифрлық экономиканы дамыту және IT-кәсіпкер әйелдерді қолдау:

  • 2022 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы А.Балаевамен кездесу өтті. Қазақстандық кәсіпкер әйелдердің 17 цифрлық саладағы жобалары таныстырылып, цифрлық экономиканы дамыту бойынша бастамалар ұсынылды;
  • 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында қазақстандық кәсіпкер әйелдердің цифрлық жобаларының 20 онлайн кездесулері өтті;
  • Әйел-кәсіпкерлерді қолдау бойынша ұсыныстар дайындалып, АжҚДМ, ҰЭМ жіберілді;
  • Әйелдердің стартаптарын таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, әкімдіктердің өкілдерімен кездесулер өткізілді, сондай-ақ әйел- кәсіпкерлерді қолдау бойынша ұсыныстар дайындалып, АжҚДМ, ҰЭМ-ге жіберілді. 

“TechnoWomen”-нің басты мақсаты – әйелдерді қолдау және цифрлық әлемде оларға мүмкіндіктерді ашу. Осы мақсатқа жету үшін 2022 жылы ІТ мектептерімен әйелдерге компьютерлік ойындарды дамыту, бағдарламалау, менторство (тәлімгерлік)және т.б. мамандықтар бойынша оқытуға гранттар беру туралы меморандумдарға қол қойылды.

2. “TechnoWomen”-нің заңнамалық бастамалары:

  • 2022 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляевамен кездесуде “TechnoWomen”қауымдастығының мүшелері Қазақстандағы технологиялық бизнесті қолдауға бағытталған заңнамалық бастамалармен сөз сөйледі;
  • “TechnoWomen” қауымдастығының мүшелері «Атамекен» ҰКП АКТ комитетінің, «АМАНАТ» партиясының АКТ комитетінің, ХҚАЖБ Қоғамдық кеңесінің және т.б. құрамына кіреді;
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева “TechnoWomen” қауымдастығы Стратегиялық комитетінің құрамына енді;
  • ФНБ СК директорлар кеңесінде және квазимемлекеттік сектордағы басқа да компанияларында әйелдердің орнын ұсыну үшін 30% квота енгізілді;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі электронды коммерцияны дамытуды ынталандыру және Yellow Pages rules қағидаттарын енгізу бойынша бастамаларды енгізді.

3. 2022 жылда өткізілген іс-шаралар:

  • 2022 жылдың 3 наурызында Astana Hub-та бірінші “TechnoWomen”  форумы өтті;
  • 2022 жылдың мамыр айында әлеуметтік желілерде “TechnoWomen – 2022” онлайн марафоны өтті;
  • 2022 жылдың 17-18 мамырында Сәтбаев университетінің алаңында екінші “TechnoWomen” Almaty форумы өтті; 
  • 27-29 маусымда ASTANA FINANCE DAYS шеңберіндегі төртінші жыл сайынғы EDTECH ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ФОРУМЫ шеңберінде директорлар кеңесі деңгейінде бизнестегі гендерлік теңдікті ілгерілету бойынша бастамалар ұсынылды;
  • 2022 жылғы 28-29 қыркүйекте “TechnoWomen” қауымдастығы Астанада өткен «Digital Bridge 2022» цифрлық технологиялардың халықаралық форумы мен көрмесіне қатысты. «Techno Women» стенді осы іс-шараның маңызды сәттерінің бірі болды. Өйткені форум аясында Қазақстандағы цифрлық экономиканы дамытуға бағытталған әйелдердің Техно бастамалары таныстырылды;

Technowomen-нің мүшелері қазақстандық технологиялық бизнесінің дамуына үлес қосу үшін үлгі және қуатты драйвер болып табылады десе де болады. 2022 жылдың қараша айында Technowomen-нің мүшеклері АҚШ-қа ресми сапармен барып, Visa, Mastercard, EPAM, Microsoft, Plug and play, 500 Startups, TechWomen International Organization және т.б. сияқты жаһандық компаниялармен кездесулер өткізді. Сондай-ақ тұлғалық жеке дара өсу және тиімділік бағытында бірқатар білім беру тренингтері өткізілді. Ресми сапардан кейін алынған білім мен көзқарастар ұйымның дамуына әсер етеді:

  • 2022 жылдың маусым айында Бурабайда ұйымды дамытудың перспективалық бағыттары мен стратегияларын әзірлеуге арналған стратегиялық сессия өтті;
  • 2022 жылдың 12-27 қарашасында Technowomen-нің мүшелері АҚШ, Калифорния, Силикон алқабында ресми сапармен болып, кездесулер ұйымдастырылды.

4. Қыздар мен әйелдердің кәсіби дамуы:  

  • «Mentor pro IT» бағдарламасы «Human Capital»-мен бірлесіп жүзеге асырылды, “TechnoWomen”   қауымдастығының әйелдері ментор ретінде де, менти ретінде де қатысты; 
  • Астана IT университетінде зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күресу үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге арналған «She codes» атты қыздарға арналған хакатон өтті. AISEC, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қоры, Akhter Studio-мен келісімге отыру іске асырылды;
  • Астана қаласындағы оқушы қыздармен бірқатар кездесулер өткізді;
  • BTS Education компаниясымен бірлесіп «Электрондық коммерция мектебі» жобасы аясында қолөнерші- әйелдерді оқыту ұйымдастырылды;
  • QWANT бағдарламалау мектебінің гранттары бойынша тегін бағдарламалау тренингі және Data Boom мектебінен деректерді басқару тренингі (125 адам оқытылды) өтті;
  • «Parakozm LTD» компаниясымен ойын әзірлеуде Zeda Academy платформасында оқыту үшін меморандумдарға қол қойылды;
  • Алматыда “TechnoWomen” көшбасшы әйелдеріне арналған K-Pro бағдарламасы бойынша көшбасшыларға арналған тренинг ұйымдастырылды;
  • Сауда-саттық және Agile ұйымының мүшелері үшін кешкі вебинарлар ұйымдастырылды;
  • “TechnoWomen” мүшелері үшін әртүрлі салаларда және заманауи бизнес үшін басым тақырыптарда тегін білім беру бағдарламалары ұйымдастырылды.

2023 жылға арналған жоспарларымыз:

1. Орталық Азия мен Еуропа елдерінде прогрессивті әйелдердің күш-жігерін біріктіру үшін серіктестік желісін құру. “TechnoWomen” халықаралық қозғалысын құру.

2. “TechnoWomen” мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру:

  • Әйел CDO/CDTO цифрлық офицерлерін оқыту;
  • ESG-ты оқыту, ITIL, бизнес-аналитика, Agile және басқа да кәсіби құзыреттіліктер бойынша оқыту;
  • Атақты, жарқын спикерлермен кешкі вебинарларды ұйымдастыру және өткізу;
  • TW академиясының дамуы. TW мүшелері мен жетекші сарапшылардан авторлық курстарды дайындау;
  • Цифрландыруға немесе басқа технология салаларына кіргісі келетін әйелдерді оқыту мен цифрлық сауаттылықты арттыруды ұйымдастыру.

3. Тәлімгерлік бағдарламаларды жүзеге асыру:

  • Кәсіби және тұлғалық өсу үшін тәлімгерлік бағдарламаларын дайындау және іске қосу;
  • СД және басқару деңгейінде әйелдерге арналған тәлімгерлік бағдарламаларын дайындау және іске қосу;
  • Әйелдерге арналған цифрлық офицерлерді дамыту және оларды шешім қабылдау деңгейіне көтеру үшін тәлімгерлік бағдарламаларын дайындау және іске қосу;
  • STEM пәндері, AI оқыту, ғарыштық, университеттердегі инженерлік бағдарламалар, ТжКБ бойынша қыздарға арналған арнайы гранттық бағдарламаларды дамыту;
  • ЖОО мен колледждерде TECHNOGIRLS клубтарын ашуға көмектесу. TECHNOWOMEN тәлімгерлік, цифрлық дағдыларды оқыту, цифрлық көшбасшылықты дамыту және жұмыспен қамту бағдарламаларын ұйымдастырады.

4. IT бизнесті дамыту және TW мүшелерінің жобаларын ілгерілету:

  • TW мүшелері үшін салалық цифрландыру күндерін ұйымдастыру және өткізу;
  • Салалық комитет құру;
  • Офлайн бизнестің, ҮЕҰ-ның, мемлекеттің IT-компанияларымен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастық орталығын дамыту;
  • Бизнес-қауымдастықтармен, ҰКП-мен, іскерлік кеңестермен және өңірлермен өзара іс-қимыл әрекеттерін ұйымдастыру;
  • TW мүшелерінің жобаларын ілгерілету жоспарын әзірлеу;
  • Мүдделі азаматтық қоғам ұйымдарын, корпорацияларды және т.б. шақырумен жобалардың тұсаукесерін ұйымдастыру және өткізу;
  • Министрлермен және басқа да басшылармен кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ TW мүшелерінің жобаларын ілгерілетудің басқа әдістерін қолдану;
  • Іс-шаралар, көрмелер мен презентациялар ұйымдастыру

5. Әйел TW мүшелерінің мансаптық өсуі:

  • TW кадрлық резервін қалыптастыру;
  • Кадрлар комиссиясын құру, құрамы мен жұмыс жоспарын анықтау;
  • Ұйым мүшелерін мансаптық жоғарылату үшін кадрлық резервті қалыптастыру;
  • TW мүшелерін мемлекеттік қызметтегі, корпоративтік сектордағы және жеке бизнестегі цифрлық офицерлерге жылжыту;

6. Заң шығару бастамаларын және мемлекеттік қолдау шараларын ілгерілету.

7. Инвестициялық белсенділік, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.

Жалпы жиналыстың қорытындысы бойынша әйелдерге арналған үлкен форум ұйымдастыру, университеттермен және жетекші IT-мектептермен ынтымақтастық құру, гранттар бөлу бойынша алған қойған мақсаттар белгіленді. Халықаралық сапарлар, Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде ұйымның филиалдарын құру, бизнес жобаларды ілгерілету, білім беру бағдарламаларын іске қосу және т.б. жоспарланды.