АЛМАТЫНЫҢ ПРОГРЕССИВТІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІ ЦИФРЛАНДЫРУДЫ АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ ҮШІН КҮШ ЖҰМЫЛДЫРДЫ

“Techno Women Almaty” форумын өткізудегі басты мақсатымыз – технология саласында жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектердің басын қосып, жұмыстарын елге таныту. Біз Алматыда қала тұрғандары мен қонақтарына арналған жайлы және ыңғайлы жаңа шешімдерді жүзеге асыратын прогрессивті әйелдер қайымдастығын құру жоспарында, орын алған іс-шара өткізілді.

«TECHNO WOMEN ALMATY: ALMATY – DIGITAL HEART» – қазақстандықтардың бақытына арналған жаңа идеялар мен жобаларды ұсынатын қызықты және жарқын спикерлер ойларымен бөлісетін алаң болады.

«TECHNO WOMEN» қауымдастыңына технологиялық стартап, ШОБ-те цифрлық сервистерді дамытып жүрген, EduTech, FinTech, GovTech, HealthTech Digital, New Media және жоғары технологиялармен байланысты басқа салаларда жұмыс істеп жүрген қыз-келіншектер қосылды.

Форумның спикерлері қыздардың цифрлық экономика мен технологиялық салаларға қатысу мүмкіндіктері туралы айтып, Алматы қаласының азаматтарға қолайлығын ұлғайтуға арналған IT жобалармен таныстырды. Сонымен қатар қыз балаларды бағдарлау мен жаңа цифрлық дағдыларға үйрететін программаны ұсынылды.

Жаңа технологиялардың көмегі арқылы экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп қаржылық тәуелсіздікке ие болудың жолдары жайлы қонақтарымыз сөз қозғады. Ол үшін бүгін BTS Education электронды коммерция мектебі мен жоғары технологиялар саласындағы қыздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған менторинг бағдарламасы сияқты тегін жобалар бар. Сонымен қатар «TECHNO WOMEN» қауымдастығы экономика салаларында ауқымды цифрландыру үрдістерін жүргізу үшін әйел цифрлық офицерлерді дайындауды жоспарлап отыр.

Іс-шарада қыз балаларға жаңа цифрлық әлемде бәсекелестіктерін арттыруға мүмкіндік беретін Jumysbar-дан SMM мен Product Management бойынша, Geometry-ден Power BI-дегі деректер аналитикасы бойынша және бағдарламалау мектептері мен өзге де білім беру баңдарламаларының сертификаттары ойнатылаы.

TECHNO WOMEN қауымдастығы қыздар мен әйелдердің технологиялық салаларда кездесетін гендерлік кемсітушілік мәселелеріне зерттеу жүргізуді ұсынды, сонымен қатар технологиялық компаниялар үшін арнайы саясат әзірлеуді ұсынады. Сонымен қатар, TECHNO WOMEN қауымдастығы қыздарды STEM пәндеріне тартуды ынталандыру мақсатында мемлекетке мектептерде қыздармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырады. Сондай-ақ Astana Hub серіктестігімен қыздар мен әйелдерді ІТ-стартап қозғалысына тарту бойынша бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«TECHNO WOMEN» қауымдастығына мына сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://t.me/+mLAWRYFq0epkNTZi

Қауым әлеуметтік желілері: instargam және facebook – TechnoWomenKz

Технологиялық салаларда қызмет істеп жүрген қыз-келіншектердің кездесуі «Satbayev University» ғимаратында, мекенжай: Алматы қ-сы, Сәтпаев к-сі, 22, өтті.