Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Цифрлық әлемдегі балалар қауіпсіздігі: Qazaqstan IGF 2026 аясында әлеуметтік желілерді шектеу мәселесі талқыланады

14 октября @ 09:00 - 18:00 UTC+6

Қарашаның 14-і күні Алматы қаласында өтетін IV ұлттық Интернетті басқару форумы (Qazaqstan IGF 2026) аясында «TechnoWomen» қауымдастығының ұйымдастыруымен арнайы сессия өтеді. Іс-шара балалар мен жасөспірімдердің интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігіне және оларды цифрлық ортада қорғау шараларына арналады.

Талқылаудың өзегі – 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуге бағытталған заң жобасы. Сессия қатысушылары мұндай реттеу шараларының ықтимал артықшылықтары мен тәуекелдерін, сондай-ақ оны тәжірибеде жүзеге асыру жолдары мен кәмелетке толмағандардың цифрлық құқықтарын сақтау мәселелерін жан-жақты саралайды.

Сарапшылар мен құқық қорғаушылардың басын қосатын бұл сессия сағат 13:00 мен 14:00 аралығында өтеді.

Форум туралы ақпарат:

  • Өтетін күні: 14 қазан

  • Форум жұмыс уақыты: 09:00 – 18:00

  • Өтетін орны: Алматы қ.

  • Тіркелу: Qazaqstan IGF ресми сайты

Ұйымдастырушылар сала мамандарын, сарапшыларды және барлық мүдделі тараптарды осы сессияға және форумның басқа да отырыстарына қатысуға шақырады.

Details

Date:
14 октября
Time:
09:00 - 18:00 UTC+6