- This event has passed.
Mentor Day | «Tech for Impact: 5 өңірлік бастама» бағдарламасы
29 июля @ 10:00 - 12:00 UTC+6

2026 жылғы 29 шілдеде «Tech for Impact: 5 өңірлік бастама» білім беру бағдарламасы аясында Mentor Dayонлайн-кездесуі өтеді. Іс-шара әлеуметтік жобаларды қаржыландыру, халықаралық мүмкіндіктер және жобаларды тиімді таныстыру тақырыптарына арналады.
Mentor Day барысында тәжірибелі сарапшылар қатысушылармен әлеуметтік бастамаларды дамытуға, қаржыландыру көздерін табуға және өз жобаларын инвесторлар мен серіктестерге кәсіби түрде таныстыруға көмектесетін практикалық тәжірибелерімен бөліседі.
Іс-шараның спикерлері:
Перизат Карим – фандрайзинг және әлеуметтік жобаларды дамыту бойынша сарапшы. Ол әлеуметтік жобаларға қажетті ресурстарды қайдан іздеу, серіктестермен тиімді жұмыс істеу және қаржыландыру тарту жолдары туралы айтып береді.
Динара Әуелбекова – Girls Power Fund ұйымының негізін қалаушы және CEO, Obama Foundation Scholar. Қатысушылар халықаралық гранттар, шәкіртақылар, білім беру бағдарламалары және әлеуметтік жобаларды дамытуға арналған жаһандық мүмкіндіктер туралы ақпарат алады.
Лаура Асылбек – ODOS AI негізін қалаушы, офтальмолог дәрігер және ODOS Group компаниясының CEO-сы. Ол жобаны әсерлі таныстырудың, сенімді питч жасаудың және инвесторлардың қызығушылығын арттырудың негізгі қағидаларымен бөліседі.
Іс-шараның модераторы – Камиля Гюнеш, Tech for Impact бағдарламасының жетекшісі және TechnoWomen Startup Advisory Board бағдарламалық үйлестірушісі.
Күні: 29 шілде 2026 жыл
Уақыты: 10:00 (онлайн)
Mentor Day – жетекші сарапшылардан тәжірибелік білім алып, халықаралық мүмкіндіктермен танысып, әлеуметтік жобаларды дамытуға қажетті дағдыларды жетілдіруге арналған тамаша мүмкіндік.
Тіркелу:
https://docs.google.com/forms/d/19Jd93FRNossYMLUDOZEnIpHbIO8QsUMsTl-bO58BD7I/edit
Zoom сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/88906459761?pwd=H2nTogmgBc9OT85dJMaDobsN78rh1u.1
Қол жеткізу коды: 815443