ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС: ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАР МЕН ЖИ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Жастарға арналған қаржылық сауаттылық, цифрлық дағдылар және жасанды интеллект бағыттары бойынша өңірлік бастамаларды қолдауға арналған конкурсқа өтінім қабылдау басталды.

Конкурстың мақсаты – жастар арасында цифрлық білімді дамытуға бағытталған үздік идеяларды анықтау және қолдау. Нәтижесінде 5 үздік өңірлік жоба таңдалады.

Конкурсқа жастар ұйымдары, студенттік қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар және бастамашыл топтар қатыса алады.

Қатысу шарттары:

  • 5–7 слайдтан тұратын жоба презентациясын дайындау
  • өтінімді technowomen2022@gmail.com поштасына жіберу

Жеңімпаздарға ұсынылады:

  • құнды сыйлықтар
  • оқыту модульдері
  • жобаны жүзеге асыруға ұйымдастырушылық қолдау

Бұл конкурс – өз идеяңызды таныстырып, қолдау алып, өңірлік деңгейде нақты өзгеріс жасауға мүмкіндік.