«Robotechnogirls» әлеуметтік жобасы аясында Астанада «Super100!» қыздарға робототехниканы тегін оқыту бойынша бағдарлама басталады.        

2024 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында «TechnoWomen» және «Robotek» компаниясы «Robotechnogirls» әлеуметтік жобасы аясында Астанада «Super100!» робототехника негіздеріне 100 қызды тегін оқыту бойынша бағдарламаны өткізуді жоспарлауда.

Жоба Республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен іске асырылуда.

 «Super100!» гендерлік теңгерімсіздікті жеңуге, әсіресе техникалық факультет студенттері арасында (АТ, инженерия, киберқауіпсіздік және басқалар), сондай-ақ техникалық мамандықтардың басымдығы туралы гендерлік стереотипті жеңуге бағытталған.  

 «Super100» миссиясы- STEM бағытын қыздарға қолжетімді ету. 2024 жылғы жазғы демалыс кезінде елордалық мектептердің 3-6 сынып оқушыларына робототехника негіздері бойынша тегін оқыту ұйымдастыру жоспарлануда.

«Super100» қыздарға болашаққа алғашқы және сенімді қадам жасауға, мамандық таңдауда шешім қабылдауға, отандық зияткерлік технологияларды жасауға көмектеседі-деп атап өтті жоба операторы болып табылатын Robotek компаниясының бас директоры Санжар Шалқарбеков.

«TechnoWomen» КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева «Super100» қыздардың робототехниканы оқуға деген ынтасын арттыратынына, ақпараттық технологияларға, инженерияға, жасанды интеллектті енгізуге қызығушылығын арттыратынына сенімді.

Қосымша ақпарат: +7 701 513 9327 (Мира Алипинова)

Techno Women – IT, digital, telecom, media, Fintech, Edutech, Healthtech, Biotech, Ecotech, Nanotech, Robotics, space және басқа да жоғары технологиялық салаларда жұмыс істейтін әйелдерді біріктіретін коммерциялық емес ұйым. Ұйымның мақсаты-технологиялық салаларда жұмыс істейтін қыздар мен әйелдердің санын көбейту, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және Орталық Азиядағы прогрессивті әйелдердің жаңа класын қалыптастыруға ықпал ету.

«Robotek» – елімізге және әлемге танымал, STEM білім беру және робототехника саласындағы ең табысты қазақстандық компаниялардың бірі. 2023 жылдың қарашасында ол Панамада өткен World Robot Olympiad жеңіс тұғырына бірден екі команда көтерілген кезде елді жеңіспен қуантты. «Robotek» арқасында жалпы медальдық есепте Қазақстан құрамасы бірінші рет Малайзия құрамасын ғана артқа тастап, екінші орын алды.