Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

TechnoWomen КЕҰ ҚР Үкіметінің үйінде өткен жиында

27 марта @ 08:00 - 17:00 UTC+6

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен цифрлық экономикадағы әйелдерге жаңа жағдайлар жасау мақсатында Қазақстанда @technowomenkz қауымдастығы белсенді түрде дамып келеді. Қауымдастықпен байланысты елеулі оқиғалардың бірі оның өкілдерінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында сөйлеген сөзі болды.

16 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы өтті, онда еліміздің дамуы үшін өзекті мәселелер, оның ішінде электрондық коммерцияның дамуы талқыланды. Аталған саланың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндаушылардың бірі «Clever Market» қазақстандық маркетплейсінің бас директоры, «TechnoWomen» КЕҰ басқарма мүшесі Корпебаева Алуа Ермекқызы болды.
Корпебаева Алуа еліміздегі электрондық коммерцияны дамытудың маңызды тұстарына тоқталды. Ол аталған салаға мемлекеттік қолдау шараларының тапшылығы және электрондық коммерцияның экономикаға тиімді интеграциясына кедергі келтіретін айтарлықтай логистикалық шығындар туралы айтты. Сондай-ақ, онлайн-сатулардың едәуір үлесіне қарамастан, электрондық коммерцияны реттейтін заңнаманың жоқтығы атап өтілді. 2022 жылға қарай елдегі онлайн-сату үлесі 12,5%-ды құрады, бұл шамамен 1,9 триллион теңгені құрайды.

Clever Market бас директорының ұсыныстары келесі шараларды қамтиды:

📌 Электрондық коммерциямен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділігін қамтамасыз ету.
📌 Тауарларды экспорттауға қажет сертификаттар мен лицензияларды алу рәсімдерін жеңілдету, бұл қолөнершілерге сыртқы нарықтарға шығуға ықпал жасайды.
📌 ШОБ субъектілерін электрондық коммерция саласына қатыстыру мақсатында білім беру бағдарламаларын іске асыру және логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасау.
📌 Электрондық коммерциямен айналысатын компаниялар үшін негізгі және жергілікті жеткізуді дамыту.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, олардың елді дамыту және экономиканы цифрлық трансформациялау үшін стратегиялық маңыздылығын, оған қоса елімізде жұмыс орындарын құруға тигізетін септігін атап өтті.

Details

Date:
27 марта
Time:
08:00 - 17:00 UTC+6