Бүгін, 21 шілдеде ҚР Президенті жанындағы “Орталық коммуникациялар қызметі” РММ-де “IT-Aiel бағдарламасы аясында қазақстандық әйелдерді ІТ-мамандықтарға оқыту” тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Бағдарлама Astana Hub бастамасымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен іске қосылды.
Бағдарламаға қатысушылар жаңа ІТ-дағдыларды 1 тамыздан бастап онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде меңгере бастайды. 2 307 өтінімнің 668-і Астанадан, 371 – Алматыдан, 63 – Шымкенттен және 1205- Қазақстанның басқа өңірлерінен түскен.
“Біз бағдарламаға қызығушылардың географиясы кең екенін көріп отырмыз, Қазақстанның барлық өңірінде тұратын әйелдер IT-ді үйренгісі келеді. Бағдарлама жұмысқа орналаспаған әйелдер үшін үлкен құндылыққа ие және ол ақпараттық технологиялар саласында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мен тең мүмкіндіктер жасау жолындағы маңызды қадам болып отыр. Біз қазақстандық әйелдердің кәсіби дамуға және еліміздің ақпараттық технологиялар индустриясына өз үлесін қосуға ұмтылып отырғанына өте қуаныштымыз”, – деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Алина Абдрахманова.
Қатысушылардың орта жасы-32 жас. Бағдарлама аясында олар алдымен негізгі компьютерлік сауаттылық курсынан, содан кейін No Code School және Freelance School курстарынан өтеді. Оқу бағдарламасы әртүрлі форматтарды қамтиды: бейне дәрістер, тапсырмалар, онлайн вебинарлар және воркшоптар.
“Қазақстан GovTech және FinTech салалары дамыған ел және аумағының үлкендігіне қарамастан, Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдері арасында цифрландыру және интернетті тарату саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Осы ретте әйелдердің цифрлық экономикадағы күші мен қабілетіне сенімділігін дамыту үшін әйелдердің цифрлық бизнестегі IT-кәсіпкерлігін қолдау, қаржылық интеграцияны кеңейту үшін оларға цифрлық дағдыларды үйрету және бизнесті басқару бойынша оқытуды ынталандыру маңызды. Әйелдердің цифрлық экономикаға қатысуын ынталандыру неғұрлым күшті экономикалық өсімге және әл – ауқаттың артуына ықпал етеді”,- деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шужеева.
IT-Aiel бағдарламасының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі No Code School саналады, оның мақсаты қатысушыларға және IT-өнімдерді бағдарламалауды қажет етпестен тез жасауды үйрету, сондай-ақ стартап-жобаларды құрудың және оларды дұрыс тестілеудің негізгі принциптерін меңгерту. Бағдарлама тыңдаушылары лендингтерді, сайттарды, мобильді қосымшаларды, чат-боттарды және маркетплейстерді құруға арналған актуалды no code құралдарын зерделеу бойынша материалдарды ұсынатын онлайн сабақтарға қол жеткізеді.
“Сондай-ақ біз IT-Aiel бағдарламасына Қазақстандағы фриланс-экономиканы қолдау және цифрлық алаңдарда фрилансер әйелдердің үлесін арттыру мақсатында Freelance School курсын енгіздік. Фрилансингті оқу әйелдерге қашықтан жұмыс істеп, жалақы мен жұмысқа орналасудағы гендерлік алшақтықты азайта отырып, жергілікті және шетел валютасында ақша табуға мүмкіндік береді”, – деді Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Дәулет Беймурзинов.
Оқу қорытындысы бойынша IT-Aiel бағдарламасының барлық түлектері курстардың сәтті өткенін растайтын электрондық сертификаттар алады. Сондай-ақ, бағдарламаның ең белсенді және талантты 100 қатысушысы Astana Hub-қа сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсіміне шақырылады, онда олар өз тәжірибесін және идеяларын бөлісе алады, сондай-ақ одан әрі кәсіби даму үшін қолдау мен шабыт таба алады.
Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі
эл.пошта: pr@astanahub.com,
Press-Office, Әсел Мизамқызы