Үш мың қазақстандық әйел Astana Hub-те IT-технологияларды тегін оқып жатыр

2024 жылдың маусымында іске қосылған IT-Aiel жобасы көпшіліктің қызығушылығын тудырды: Қазақстанның барлық аймақтарынан әйелдерден 5200 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 3 084 қатысушы оқуды бастады және No-code бағдарламалауды, фрилансинг негіздерін, электрондық коммерцияны және басқа да сұранысқа ие дағдыларды белсенді түрде меңгеруде. Бүгінгі күні 62 қатысушы оқуды сәтті аяқтады.

Бағдарламаның екінші легі бойынша сәтті бастамалардың ішінде келесі қатысушылардың жобаларын атап өтуге болады: қызылордалық Сағиля Сағидан EdKids білім беру платформасын әзірледі,
Ақтөбелік Әсел Қаражан ментальды арифметикаға дайындау үшін AKM Education мектебінің сайтын ашса, астаналық Меруерт Жарылқасынова «Қадам. Қазақстандағы бизнес пен стартаптарға арналған гранттар».

IT-Aiel бағдарламасын Astana Hub технопаркі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен және «ТехноӘйелдер» үкіметтік емес ұйымымен бірлесе отырып жүзеге асырады.