Technowomen корпоративтік мәдениеті келесі мақсаттар үшін қызмет етеді:

  • TECHNOWOMEN барлық қатысушыларын ортақ құндылықтар мен мақсаттарымен, философиямен және қозғалыстың бірыңғай бағытымен бір командаға біріктіру;
  • TECHNOWOMEN қатысушыларына жаңа мүмкіндіктер жасау және де олардың жобаларын, бизнестері мен бастамаларын елдік және халықаралық деңгейде ілгерілету;
  • Іскерлік этиканың жоғары қағидаттарына ұмтылу;
  • TECHNOWOMEN қатысушылары арасында ынтымақтастыққа, жоғары көшбасшылық, іскерлік және зияткерлік қасиеттерді дамытуға ықпал ететін- TECHNOWOMEN инновациялық және кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыру;
  • TECHNOWOMEN -ге қатысушы қыздар мен әйелдердің озық технологияларды қолдана отырып, өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттыру, сондай-ақ азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Корпоративтік мәдениет кодексі – TECHNOWOMEN қызметіне қатысу мәртебесіне және атқаратын лауазымына, сондай-ақ TECHNOWOMEN қызметіне тарту нысандарына қарамастан, TECHNOWOMEN-нің барлық мүшелері үшін жетекшілік болып табылады.

TECHNOWOMEN брендінің философиясы – брендіге тығыз байланысты құндылықтар жүйесіне негізделген. Құндылықтар біздің күшті жағымызды көрсетеді және корпоративтік мәдениетті дамытудың басым бағыттарын айқындайды. Біздің құндылықтарымызды барлық қатысушыларына  қатысты болуы  керек, бұл TECHNOWOMEN корпоративтік мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

TECHNOWOMEN-нің негізгі корпоративтік құндылықтары оның логотипінде гүл және W әрпі түріндегі бұралған спиральдың аббревиатурасы ретінде бейнеленген, мұнда  «Be smart, innovative, well-doing and unique women» / «Ақылды, жаңашыл, мейірімді және бірегей әйел бол») негізгі үндеуі көрсетілген.

Логотиппен бірге қолданылатын ұран: «Join the news generation of women» /»Әйелдердің жаңа буынымен бірге бол».

SMART

Біз өз мақсаттарымызға іс жүзінде өз қызметімізді басқарудың 5 қағидатын қолдана отырып қол жеткіземіз:

  • Specific- тапсырмаларды дәл тұжырымдау;
  • Measurable-  қоғам мен оның мүшелері үшін өз қызметінің сәтті көрсеткіштері мен құндылықтарын өлшеу арқылы;
  • Achievable-  әр кезеңде қол жеткізуге болатын мақсаттар қойып, алға қарай қадам басу;
  • Relevant-  біздің жоспарларымыздың өзектілігін мүшелеріміздің, серіктестеріміздің және барлық мүдделі тараптардың қажеттіліктеріне қарай үнемі өлшеп отырамыз;
  • Time bound –  біз өз уақытымызды бағалаймыз, оны ең құнды және орны толмас ресурс деп санаймыз.

INNOVATIVE

Біз консервативтілікке қарсы тұрамыз! Инновация- бұл біздің жобаларымыздың ғана емес, өміріміздің де мәні. Инновацияны ұстанушы, қолдаушылар – дарынды, ерекше адамдар. Біз айналамызға осындай адамдарды біріктіреміз. Инновация әр түрлі іс-шаралар мен кәсіптердің тоғысында туындайды. Біз білімнің, мәдениеттің, аумақтардың барлық саласындағы әртүрлі адамдарға ашықпыз. Біз кез келген әйел өзін көрсете алатын шығармашылық орта жасаймыз. Біз барлық қатысушыларымыздың инновациялық ойлауын дамытуға бағытталғанбыз.

UNIQUE

Біз TECHNOWOMAN мүшелерінің бірегейлігін құптаймыз.

Біз TECHNOWOMEN мақсаттарына жетудің жаңа тәсілдерін, креативті шығармашылықты, стандартты емес және бірегей шешімдерді іздеуді қолдаймыз. Біз жұмыс пен өмірге шығармашылық көзқарасты насихаттаймыз. Біз қатысушыларымыз бен  қызметкерлеріміздің, серіктестеріміздің барлық креативті шығармашылығын және де шығармашылық бастамаларын қолдаймыз. TECHNOWOMEN бірегей ортаны құруға, TECHNOWOMEN қатысушылары үшін бірегей шешімдерді әзірлеуге ұмтылады.

Techno Woman корпоративтік мәдениетінің этикалық қағидаттары

Жауапкершілік
Technowomen атынан шыққан кезде, оның мүшелері іскерлік және моральдық-этикалық мінез-құлық нормалары мен қағидаларын сақтайды, Technowomen мүдделері мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер жасамай, оның имиджін нығайта отырып, Technowomen мүддесі үшін әрекет етеді. 

Сенім
Сенім -TECHNOWOMEN-нің ең жоғары басымдығы. Technowomen мүшелері өз әріптестеріне өзара сенім мен құрмет көрсетеді, кемсітушілікке, немқұрайлылыққа, агрессияға, дөрекілік пен әдепсіздікке жол бермейді, бір-біріне сыпайы, тұрпайылықсыз және балағат сөздерсіз сөйлейді. Біздің әрқайсымыз Technowomen-нің барлық мүдделі тараппен қарым-қатынасын нығайтуға жәрдемдесеміз. Біз еркін жауапты этикалық таңдау негізінде мүдделер қақтығысын болдырмауға тырысамыз. Біз Technowomen-де әлеуметтік жауапкершілікті, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухын, айналадағыларға толеранттық және басқалардың пікіріне төзімділікті енгізу мен дамыту үшін бар күшімізді саламыз.

Адалдық
Әрбір TECHNOWOMEN қатысушысы өзі ұсынатын ақпараттың дұрыстығына кепілдік беруі керек, сондай-ақ бастамаларға, ақпаратқа, жобаларға және TECHNOWOMEN ішінде талқыланатын идеяларға құпиялылық пен этикалық қатынасты сақтауы керек. Біз барлық істерімізде ашық болуға ұмтыламыз және бір-бірімізге адал боламыз, тек осылайша біз TECHNOWOMEN-нің мінсіз беделіне қол жеткізе аламыз. Біз құпиялылықты сақтаймыз және қатысушылар, серіктестер пен достар туралы коммерциялық және қызметтік ақпаратты жарияламауға жауапкершілікпен қараймыз.

Айқын, ашық болу
Technowomen ресурстар мен ақпараттың қолжетімділігін, өз мүшелерінің өз миссиясын іске асыруға белсенді қатысу талаптарын қамтамасыз етеді. Оның барлық мүшелері мен мүдделі тараптарының мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, алқалы шешімдер қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бар проблемалар мен олардың ықтимал шешімдері туралы уақтылы ақпарат береді. Жыл сайын өткен есепті кезеңдегі қызметі туралы ашық есепті және кейінгі кезеңге арналған қызмет бағдарламасын жариялайды. Technowomen сындарлы сынға және өз қателіктерінен сабақ алуға ашық.

Тәжірибе мен біліммен еркін алмасу
TECHNOWOMEN білімінің негізгі көзі – оның қатысушылары. Біздің қатысушылар арасында білім мен тәжірибенің еркін алмасуы инновациялық кәсіпкерлік және білім беру ортасының дамуына ықпал етеді. Бұл ретте құпия сипаттағы кез келген мәліметтер құпия сақталуы және TECHNOWOMEN-нен тыс үшінші тұлғаларға таратылмауы тиіс. Менторинг бағдарламалары және тәжірибе мен білім алмасудың басқа құралдары TECHNOWOMEN-де негізгі болып табылады.

Кәсібилік пен руханилықтың үйлесімі
Technowomen-нің әрбір мүшесі біздің ұйымымыздың жоғары миссиясын және қазақстандық қоғам әйелдерінің рухани мәдениеті мен үздік дәстүрлерін жеткізуші мен білдіруші рөлін таниды, кәсіби және адамгершілік жетілдіруді жүзеге асырады, өзінің сыртқы келбетін, сөйлеуін, мінез-құлқын бақылап, айналадағылар үшін кәсіби және этикалық мінез-құлықтың үлгісі болуға ұмтылады, адалдық танытады, өтірік айтудан, алаяқтықтан, сыбайлас жемқорлықтан және Technowomen мүшесінің имиджіне нұқсан келтіретін басқа да адал емес мінез-құлықтан қалыс қалады.

Салауатты өмір салты
TECHNOWOMEN қатысушыларының салауатты өмір салты – TECHNOWOMEN-нің тұрақты жұмыс істеуінің маңызды талаптарының бірі. TECHNOWOMEN әрқашан салауатты, экологиялық жайлы ортаны қамтамасыз ету үшін барынша күш салады, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттайды.

Кәсіпкерлік орта
TECHNOWOMEN әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту идеясына берілген. Біз еркін бәсекелестік, нарықтық экономика қағидаттарын ғана емес, сонымен қатар TECHNOWOMEN қатысушыларының кәсіпкерлік қасиеттерін дамытуға бағытталған өзіміздің белсенді ұстанымызды басшылыққа аламыз. Біздің TECHNOWOMEN қатысушылары нәтижелік пен экономикалық тиімділікке бағытталуы керек. Кез келген даму мен сәттіліктің негізі – кәсіпкерлік рухта, яғни адамдардың жайлылығы мен  кепілдендірілген нәтижені тәуекелге қоя отырып, жаңа іске кірісуге деген ұмтылысы. Біз TECHNOWOMEN-де кәсіпкерлік рухты қолдаймыз және бизнестің жаңа салаларында өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік береміз.

Жобаның мақсаты – мектептерде, колледждерде, университеттерде және басқа да білім беру ұйымдарында жоғары сыныптар базасында TECHNO GIRLS клубтарының желісін құру.

Корпоративтік мәдениет кодексі