«Әйелдер цифрлық  экономикада өздері үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс»

Цифрлық экономикада Қазақстандық қыздар мен әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер Нұр-Сұлтан қ. 2022 жылғы 27 тамызда  өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы А. Балаеваның  IT-кәсіпкер әйелдермен кездесуінде талқыланды. 

Цифрландыру және қарқынды технологиялық даму жаңа мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, әйелдер үшін жаңа әлеуметтік қиындықтар мен тәуекелдер тудырады.

Еңбек саласында және жалпы қоғамда гендерлік теңсіздіктің күшеюі цифрлық экономиканың дамуымен байланысты елеулі тәуекелдердің бірі болып саналады. Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ, 2016) саммитінің баяндамасында жұмыспен қамту саласындағы алдағы технологиялық өзгерістер әйелдерге көбірек әсер ететіндігі атап өтілді.

Қазақстан орасан зор аумаққа қарамастан цифрландыру және интернетті тарату саласында Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдері арасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Электрондық үкіметті дамыту индексі бойынша БҰҰ  рейтингінде Қазақстан Азияда 8 орынды және дүние жүзі бойынша 39 орынды алады.   2020 жылы БҰҰ мүше 193 ел арасында 29 орын алды. «Онлайн-қызмет көрсету» индикаторы бойынша әлемде  26 орынды алады.

Үкіметтің ашық деректерінің индексі бойынша Қазақстан азия елдерінің арасында 1 орын алды. Онлайн-қызметтер индексі бойынша — Азия елдерінің арасында 3 орын және жалпыәлемдік рейтингте 11 орын. Жергілікті онлайн-қызметтердің даму деңгейі бойынша Алматы қ. әлемнің 100 қаласы арасында 29 орында.

Қазақстанда цифрландыру еуропа мен орталық-азияның көптеген елдерін басып озды. Бұл цифрлық сервистерді пайдалануды үйренуі және цифрлық экономикада ақша табу үшін өздеріне тауаша тауып алуы тиіс Қазақстандық әйелдер үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

TECHNOWOMEN қоғамдық бірлестігі өмір сапасын, бақыт деңгейін,  сапалы білім көздеріне қолжетімділікті, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу деңгейін арттыру үшін барлық өңірлердегі халықтың барлық топтарының цифрлық технологияларды және интернетті күнделікті өмірде  пайдалануы үшін негіз ретінде халықтың базалық цифрлық сауаттылығын арттыру бағдарламасын әзірлеуді ұсынады.

Микро және шағын кәсіпорындармен айналысатын әйелдер, қолөнерші әйелдер, ауыл шаруашылығындағы кәсіпкер әйелдер Қазақстандық және шетелдік маркетплейстерге шығу үшін электрондық коммерция мүмкіндіктерін ашуы тиіс.  

TECHNOWOMEN президенті Азиза Шужеева ғарыш саласы және жасанды интеллект сияқты жаңа технологиялық бағыттарды белсенді түрде игеруді ұсынды.

«Әйелдерге арналған ғарыш бағдарламасын әзірлеу және іске қосу қажет. Неліктен тәуелсіздік алған 30 жылда бізде ғарышкер әйел жоқ? Жасанды интеллект – IT саланың ең перспективті секторы болып табылады.

Қыздарды STEM мамандықтарына, әсіресе, жасанды интеллект, бағдарламалау, ғарышты игеру салаларындағы ЖОО және ТжКБ бойынша оқыту үшін арнайы білім гранттарын бөлуді ұсынамын. 

«Жұмыс істейтін жастар мен жұмысынан айырылған әйелдердің көбісі қайта даярлаудан өтіп және технологиялық салалар мен компанияларда жаңа жұмыс орындарын табуы үшін жұмыспен біріктіру, онлайн оқытуды, білім берудің гибридтік түрлерін дамыту мүмкіндігімен кәсіптік білім алу бағдарламаларын әзірлеу қажет» – дейді А. Шужеева 

TECHNOWOMEN бірлесіп құрушысы Бикеш Құрманғалиева: 

«Мемлекеттік басқару мен экономиканы цифрлық трансформациялау үшін цифрлық офицерлер,  цифрлық трансформациялау жөніндегі офицерлер (CDO, CDTO) дайындау бойынша бағдарламаны іске қосуды ұсынамыз, кейін олар мемлекеттік органдарда, корпорацияларда, компанияларда басқарушылық лауазымдарда цифрландыру агенттеріне айналады.

TECHNOWOMEN қауымдастығы бұл бағдарламаға жоғары деңгейдегі IT мамандарды – әйелдерді  көбірек тартады. Бұл жаңа әлеуметтік лифттерді жасайды және технологиялық салаларға әйелдерді көбірек тартады. 

Квазимемлекеттік корпорациялар 30% әйелдердің басқаруға қатысуы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде TECHNOWOMEN кадрлық резервінің мүмкіндіктерін пайдалана алады және цифрлық күн тәртібін ілгерілететін көшбасшылық позицияларға әйелдерді көбірек тарта алады».

Қыздарды цифрлық экономикаға барынша тарту мақсатында барлық ЖОО мен колледжерде TECHNO GIRLS клубтарын ашу ұсынылады, оған TECHNOWOMEN қауымдастығы жетекші болады, оқытады және сұранысқа ие салаларға бағыттайды.

Жергілікті атқарушылық органдармен бірге өңірлік деңгейде TECHNOWOMEN өңірлік IT-хабтар құруға көмектесуге дайын.  

Цифрлық экономиканың, қашықтықтан жұмыстың  үздік тәжірибелерін көрсету, үй шаруасындағы, уақытша жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдер үшін түрлі қызмет салаларындағы тәлімгерлер мен сарапшылардың тұрақты онлайн қолдауымен мамандандырылған курстар құру үшін жастарды, әйелдерді цифрлық кәіпкерлікке белсенді тарту.

Кездесуде әлеуметтік кәсіпкерлердің электрондық коммерциясын дамыту,  кәсіпкер әйелдерді қолдау, онлайн білім беру,  педагогтардың біліктілігін арттыру және мектептерді цифрландыру, жастарға жыныстық тәрбие беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сексуалды алымсақтықпен күрес, жүктілік кезінде әйелдерді онлайн сүйемелдеу, сондай-ақ, онкологиялық ауруларды анықтау және жүкті әйелдерді диагностикалау (бағдарлама қоса берілген) үшін Қазақстандық кәсіпкерлердің  IT жобалары таныстырылды. 

Бүгінгі таңда белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және технологиялық салаларда жүзеге асырылған прогрессивті әйелдердің жаңа бейнелерін көрсету маңызды.

БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қыздар мен әйелдер үшін цифрлық экономикадағы жаңа мүмкіндіктерді көрсету, сондай-ақ,  отбасыларды қыздарға инвестиция салуға ынталандыру және оларды STEM мамандықтары бойынша білім алуға жіберу қажет. Мысалы, Хабар 24 TECH News бағдарламасында Қазақстанның цифрландырудағы жетістіктерін көрсету, жаңа мүмкіндіктер туралы ақпаратты тарату және «Made in KZ» маркасымен әйелдердің жаңа келбетін және әйелдердің IT жобаларын көрсету.

Кездесуге орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік компаниялар мен  БАҚ өкілдері қатысатын болады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, «TECHNOWOMEN” қоғамдық бірлестігі іс-шара ұйымдастырушылары.

Анықтамалық: «TECHNOWOMEN” қоғамдық бірлестігі цифрлық экономикада қыздар мен әйелдерге арналған жаңа мүмкіндіктер ашу үшін прогрессивті әйелдерді біріктіру мақсатында  2022 жылғы наурызда құрылды.

 «TECHNO WOMEN» қауымдастығына технологиялық стартаптарды, ШОБ цифрлық сервистерді дамытып жүрген,  EduTech, FinTech, GovTech, HealthTech Digital, New Media секторларының компанияларында және жоғары технологияларға байланысты басқа бағыттарда жұмыс істейтін 400 астам әйел енді. 

27 тамыз презентациясы 
Презентация «TW Бастамалары»