Коллаборациялар орталығы – технологиялық индустрияларда, бизнесте, үкіметтік емес ұйымдарда, мемлекеттік органдарда және халықаралық ұйымдарда жұмыс істейтін компаниялар арасындағы ынтымақтастықты, нетворкинг, өнімді серіктестікті және коллаборацияны дамытуға бағытталған Techno Women қауымдастығының коммерциялық және әлеуметтік жобасы.

Жобаның мақсаты – цифрлық шешімдер мен цифрлық экономиканы дамытудың, сондай-ақ Орталық Азия елдері арасындағы цифрлық ынтымақтастықтың көмегімен әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, бизнестің және ҮЕҰ күш-жігерін біріктіру.