Айнур Тулепбаева
Айнур Тулепбаева
- “QazCloud” ЖШС жобаларын басқару жөніндегі директоры
- Айнұр Алматыда дүниеге келген, жоғары білімін Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-да “Құқықтану” мамандығы бойынша алған.
- Айнұр жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, өзінің мансаптық жолын американдық White&Case заң компаниясының Мәскеудегі офисінде, кейінірек сол компанияның Алматы офисінде заңгер ретінде жалғастырды.
- 2015 жылы денсаулық сақтау саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі – Sanofi компаниясына Орталық Азия мен Кавказ бойынша заңгер ретінде қосылды.
- Айнұр 2017 жылдан бастап, QazCloud командасында жұмыс істейді, онда корпоративтік процестерді құрумен және мәмілелерді құрылымдаумен айналысты. Сонымен қатар, ол Cyber Shield әзірлеу және ең инновациялық және экологиялық таза әлемдік технологиялар бойынша ДӨО (деректерді өңдеу орталығы) құру бойынша кеңес берді.
- 2020 жылы Айнұр QazCloud-тың әкімшілік директоры болды және осы лауазымды бүгінгі күнге дейін атқарып келеді. Осы уақыт ішінде ол ?? қызметін, құқықтық және корпоративтік процестерді оңтайландыру мен цифрландыруды табысты енгізді, осылайша жұмыста адами фактордың әсерін 70%- ға төмендетті.
- Персоналды бағалаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, 500-ден астам қызметкері үшін, оның басқарушы персоналының 49%-ы әйелдер болған компанияның басқарушылық мәдениетін, тиімді даму ортасын қалыптастырды.
- Айнұр БҰҰ, ЮНЕСКО және т. б. сияқты халықаралық институттармен бірлесіп, әйелдерді дамыту және қолдау бойынша әлеуметтік жобаларға тұрақты түрде қатысады.