Атырауда AqylTech пен IT-Aiel бастамаларының қорытындысы шығарылды

Атырау қаласында өткен AqylTech қорытынды конференциясы аясында AqylTech және IT-Aiel жобаларының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара өңір тұрғындарының цифрлық сауаттылығы мен технологиялық құзыреттерін дамыту бағытындағы жұмыстарды қорытындылаудың маңызды кезеңіне айналды.

Жобаның белсенді қатысушыларына жаңа білім алуға деген ұмтылысы, жоғары белсенділігі және заманауи цифрлық дағдыларды сәтті меңгергені үшін арнайы естелік статуэткалар табысталды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың алған теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолданып, қарқынды дамып келе жаткан цифрлық саладан жаңа мүмкіндіктер ашып жатқанына ерекше назар аударды.

Ұйымдастырушылар Атыраудағы AqylTech және IT-Aiel қатысушыларына белсенділіктері, бастамашылдықтары мен жобамен бірге дамуға ұмтылғандары үшін алғыс білдіреді.