- This event has passed.
КИМЭП Университетінде Гендерлік Теңдіk Форумы өтеді
26 сентября @ 10:00 - 17:00 UTC+6

2026 жылдың 26 қыркүйегінде КИМЭП Университетінің Tengri Hall залында TechnoWomen және Sisters Female Founders Community ұйымдастыруымен Гендерлік теңдік форумы өтеді. Іс-шара сағат 10:00-де басталады, қатысу тегін және алдын ала тіркелуді қажет етеді.
Форум жұмысына саясат, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау және құқық қорғау салаларының белгілі өкілдері спикер ретінде қатысады:
-
Зауреш Батталова: Саясаткер, ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты және Парламентаризмді дамыту қорының президенті.
-
Айка Алеми: Кәсіпкер, fashion-дизайнер, Born Nomad және Central Asia Creative Incubator негізін қалаушы. Ол венчурлік индустриядағы әйелдер тақырыбында компания құрудан бастап инвестицияға дейінгі мәселелерді баяндайды.
-
Ясмур Турдыбекова: Жоғары санаттағы акушер-гинеколог, PhD және ҚМАПА мүшесі. Оның баяндамасы ҚР-дағы гендерлік теңдік пен репродуктивті құқықтардың медициналық-әлеуметтік аспектілеріне, сондай-ақ ер адамдардың қатысуы мен латентті тәуекелдерге арналады.
-
Зульфия Байсакова: “Дағдарыс орталықтары одағының” төрайымы және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.
-
Азиза Шужеева: TechnoWomen бас директоры (CEO) және ҚР Президенті жанындағы ұлттық комиссияның мүшесі.
-
Айгерим Кусайынқызы: Ғалым, құқық қорғаушы, гендерлік теңдік және гендерлік экономика жөніндегі сарапшы.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 705 775 5010 телефон нөміріне хабарласуға болады.