Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Қазақстан OpenAI өкілдігімен бірлесіп тұңғыш рет HackAlem AI ірі халықаралық AI-хакатонын өткізеді

23 сентября @ 08:00 - 17:00 UTC+6

23 қыркүйекте Астанада жасанды интеллект саласындағы ең ірі әлемдік хакатондардың бірі – HackAlem AI өтеді. Ауқымды технологиялық шара Қазақстан мен шет елдерден мыңдаған әзірлеушілердің, студенттердің, жас мамандар мен IT-әуесқойлардың басын қосады. Іс-шараның ресми серіктесі – OpenAI компаниясы.

Хакатон қатысушылары жеке AI-шешімдерін әзірлеу және іске қосу үшін жалпы құны 1 миллион долларға дейінгі OpenAI технологиялық ресурстарына қол жеткізеді. Жеңімпаздарға қосымша 100 мың доллар сомасында OpenAI API-токендері беріледі, ал хакатонның денелей ақшалай жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Осылайша, HackAlem AI ұсынатын жүлделер мен технологиялық ресурстардың жалпы көлемі 1,1 миллион долларға жетеді.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумының сахнасында өтеді. Өтінімдерді тіркеу ресми hackalem.ai сайтында ашық.

Details

Date:
23 сентября
Time:
08:00 - 17:00 UTC+6