Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

AI көмегімен бизнесті қалай дамытуға болады: Шағын және орта бизнеске арналған тиімді маркетинг жүйесі

29 августа @ 12:00 - 17:00 UTC+6

Заманауи цифрлық дәуірде жасанды интеллект бизнес-процестерді оңтайландырудың және маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттырудың басты құралына айналды. Шағын және орта бизнес өкілдері үшін AI технологияларын енгізу – бұл жай гана тренд емес, бәсекелестік артықшылықты камтамасыз ететін стратегилық қадам.

Қарағанды облысының Цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен өтетін бұл дәрісте жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, бизнестегі маркетингтік жүйені қалай тиімді құруға болатыны сарапталады. Dәріс спикері – Ozgeshe AI PR-студиясының негізін қалаушы Наталья Абрамова.

Дәріс барысында қарастырылатын негізгі бағыттар:

  • Контент генерациясы: Жасанды интеллект көмегімен сапалы әрі мақсатты аудиторияға бағытталған контентті тез арада дайындау.

  • Видеомонтаж: Арнайы бағдарламалардың көмегімен бірнеше минут ішінде кәсіби бейнематериалдар жасау.

  • No-code шешімдер: Күрделі бағдарламалау кодынсыз сайттар мен чат-боттарды құрастыру және іске қосу.

  • Маркетингтік воронка: Клиенттерді тарту мен ұстап қалудың толыққанды автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру.

  • Вирустық контент: Аудиторияның белсенді түрде бөлісуіне түрткі болатын тартымды медиа-материалдар әзірлеу.

Бұл кездесу кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес иелеріне, маркетологтерге және маркетингтік процестерді автоматтандыруға қызығушылық танытатын барлық мамандарға арналған.

Іс-шара туралы ақпарат:

  • Күні: 29 тамыз

  • Уақыты: 12:00

  • Өтетін орны: Қарағанды қ., Алалыкин көшесі, 12, «Терриконовая долина» IT-hub-ы

  • Форматы: Офлайн және онлайн

  • Қатысу шарттары: Тегін (алдын ала тіркелу арқылы).

Тіркелу үшін ресми профиль сипаттамасындағы (био) сілтемеге өтіңіз.

Details

Date:
29 августа
Time:
12:00 - 17:00 UTC+6