- This event has passed.
Айболат Абитбековпен «IT-ШАЙ»: шетелде оқу арманын нақты жоспарға айналдыру
21 августа @ 17:00 - 18:00 UTC+6

21 тамызда сағат 17:00-де TechnoWomen Instagram желісінде «IT-ШАЙ» топтамасының кезекті кездесуін өткізеді. Қонақ – Cornell University және MIT түлегі, «Болашақ» стипендиясының иегері, «Проще, чем кажется: Стратегии поступления в топовый зарубежный университет» кітабының авторы Айболат Абитбеков.
Кездесу мына тыңдармандарға арналған:
- шетелде магистратурада оқуды жоспарлап жүргендерге;
- AI, Data немесе Technology саласында оқығысы келетін, бірақ дайындықты неден бастау керегін білмейтіндерге;
- құжаттарын дайындап жатқан, бірақ өтінімін күшейткісі келетіндерге.
Тікелей эфирде Айболат оқу арманын нақты түсу жоспарына қалай айналдыруға болатынын түсіндіреді, MIT пен Cornell-ге түсу тәжірибесімен бөліседі және сәтті өтінімнің негізгі элементтерін талдайды.
Іс-шараны TechnoWomen, Aqyl Tech, IT-AIEL, Astana Hub және жоба серіктестері бірлесіп ұйымдастырады.
Қатысушылар арасында ұтыс ойыны өтеді: тікелей эфирде спикерге қойылған үздік сұрақтың иесі TECHNOWOMEN фирмалық шоппер сөмкесін ұтып алады.
Тіркелу: сілтеме TechnoWomen Instagram профилінің басында орналасқан – https://forms.gle/NJmA7zTB2RasTfYD8
Күні мен уақыты: 21 тамыз, сағат 17:00, онлайн, Instagram тікелей эфирі.