Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Болашақ көшбасшыларын шабыттандыру: «RoboTechnoGirls» жобасы аясында әйел көшбасшылармен кездесу

21 июля @ 09:00 - 11:00 UTC+6

Астана қаласындағы №117 мектепте «RoboTechnoGirls» жобасының қатысушыларына арналған ерекше мотивациялық кездесу өтеді.

Бұл іс-шара – IT, жасанды интеллект және инновация саласында жүрген табысты әйелдердің тәжірибесімен бөлісіп, жас қыздарды үлкен мақсаттарға жетелеуді көздейтін бірегей алаң. Кеш модераторы – Әлия Оразымбетова.

Шығып сөйлейтін спикерлер мен тақырыптар:

  • Аружан Нұрманова – DreamLab Technologies компаниясының AI/ML-инженері, NU CS ’25 түлегі, Data Science магистранты (M.Sc. ’27), Technovation Girls менторы және FLEX’20 бағдарламасының финалисі.

    • Тақырыбы: «TechnovationGirls бағдарламасының мүмкіндіктері»

  • Адия Ахметова – Silkroad Innovation Hub жобалық менеджері.

    • Тақырыбы: «Қазақстаннан Кремний алқабына дейін: халықаралық мүмкіндіктер»

  • Наталья Абрамова – Neuronik AI негізін қалаушы, MNU аға оқытушысы, ЖИ бойынша халықаралық сарапшы, EBRD бағдарламаларының үздік менторы және Ozgeshe студиясының тең құрылтайшысы.

    • Тақырыбы: «AI және креатив: нейрожелілерді тиімді пайдалану»

Іс-шараның уақыты мен орны:

  • 📅 Күні: 21 шілде

  • Уақыты: 09:00 – 11:00

  • 📍 Өтетін орны: Астана қ., №117 мектебі

Ұйымдастырушылар мен серіктестерге (Techno Women, It Riel, Aqyl Tech, Robotek және т.б.) жас таланттарды қолдағаны үшін алғыс білдіреміз!

Details

Date:
21 июля
Time:
09:00 - 11:00 UTC+6