Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Astana қаласында TechGirls Motivation Day: IT саласындағы болашақ көшбасшыларға шабыт пен мүмкіндік

22 апреля @ 10:00 - 12:00 UTC+6

22 сәуір күні Астанада №91 мектеп-гимназиясында Халықаралық қыздар мен қыз балалардың АКТ саласындағы күніне орай TechGirls «Motivation Day» іс-шарасы өтеді. Іс-шара UN Women, International Telecommunication Union және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қолдауымен ұйымдастырылады.

Бұл — жай ғана кездесу емес, қыз балалардың технологияға қызығушылығын арттыруға және цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық воркшоп.

Бағдарлама аясында қатысушылар:
— саланың жетекші сарапшыларынан тәжірибе тыңдайды
— жасанды интеллект пен робототехника бойынша практикалық білім алады
— IT саласындағы нақты мансаптық бағыттармен танысады

Спикерлер қатарында:
— Алия Оразымбетова — TechnoWomen ұйымының басқарма мүшесі, She Innovator Central Asia директоры
— Тоғжан Қожалы — ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі, «ЕмАІ» CEO
— Диана Дюсенова — «Роботек» робототехника мектебінің операциялық директоры
— Надира Батырбаева — AI Pro School негізін қалаушы, Astana Hub резиденті

Бұл іс-шара қыздарға шабыт беріп қана қоймай, олардың технология саласындағы болашағына нақты қадам жасауына мүмкіндік береді.

Өтетін орны: №91 мектеп-гимназия
Уақыты: 10:00–12:00

Details

Date:
22 апреля
Time:
10:00 - 12:00 UTC+6