Loading Events

« All Events

  • This event has passed.

Techno Tumar: Графикалық дизайн мен Figma-ны меңгеріңіз

20 апреля @ 17:00 - 18:00 UTC+6

Techno Tumar инкубациялық бағдарламасы аясында қыздар мен әйелдерге арналған графикалық дизайн және Figma бойынша 5 күндік интенсивті воркшопқа тіркелу ашық.

Бұл бағдарлама қатысушыларға дизайн саласына нөлден бастап кіріп, қысқа уақыт ішінде практикалық дағдыларды меңгеруге және оларды фриланс немесе жеке жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.

Воркшоп барысында қатысушылар:

  • Figma құралдарын меңгеріп, кәсіби деңгейде визуалдар мен интерфейстер жасауды үйренеді
  • жасанды интеллект көмегімен авторлық суреттер мен креативті контент дайындауды игереді
  • 5 күн ішінде өздерінің алғашқы кәсіби кейсін жасап, портфолиоға енгізе алады

Бағдарлама заманауи цифрлық нарықта сұранысқа ие практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Кімдерге арналған:
Графикалық дизайн мен цифрлық мамандықтарға қызығушылық танытатын барлық қыздар мен әйелдерге арналған.

Күні: 20–24 сәуір
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Kyzylorda Hub, Әйтеке би 29А

Details

Date:
20 апреля
Time:
17:00 - 18:00 UTC+6