AqylTech / IT Aiel онлайн воркшопына шақыру

AqylTech / IT Aiel жобасы сіздерді 24 наурыз күні сағат 11:00-де өтетін онлайн воркшопқа қатысуға шақырады. Кездесу қазақ тілінде өтеді және цифрлық әрі қаржылық құзыреттерді дамытуға бағытталған.

Бағдарлама аясында қатысушылар AqylTech / IT Aiel жобасымен, сондай-ақ технология, цифрлық сауаттылық және кәсіби даму бағытында дағдыларды арттыруға арналған білім беру платформасының мүмкіндіктерімен танысады. Қатысушылар оқыту бағыттары, қатысу форматтары және жоба аясындағы даму перспективалары туралы ақпарат алады.

Воркшоптың арнайы қонағы – жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Эрита Абдибаева «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасайды. Спикер жеке қаржыны басқарудың негізгі қағидаларын, қаржылық ойлау қабілетін қалыптастыруды және қаржылық шешімдерді тиімді қабылдаудың практикалық тәсілдерін қарастырады.

Онлайн кездесу жаңа білім алуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған тиімді алаң болады. Воркшопқа қатысу тыңдаушыларға жеке және мансаптық даму үшін пайдалы құралдар алуға мүмкіндік береді.

Барлық қызығушылық танытқандарды қатысуға шақырамыз.