CodeGirls 2026: Мектеп оқушыларына арналған бағдарламалау олимпиадасы

Федерация по спортивному программированию 7–12 сынып оқушыларына арналған CodeGirls олимпиадасына тіркеудің басталғанын хабарлайды. Олимпиада информатика мен бағдарламалауға қызығушылық танытатын қыздарға арналған.

CodeGirls – алгоритмдер, логика және зияткерлік жарыстар әлеміне сенімді қадам жасау мүмкіндігі. Турнир алгоритмдік ойлауды дамытуға, спорттық бағдарламалауда өзін сынап көруге және ұлттық әрі халықаралық іріктеулерге қатысу тәжірибесін жинақтауға бағытталған.

Іріктеу кезеңі: 2026 жылғы 15 ақпан, сағат 16:00, онлайн форматта. Қатысу тегін.

Финал қорытындысы бойынша оқу-жаттығу жиындары жоспарланған. Олардың нәтижесінде Италияда өтетін European Girls’ Olympiad in Informatics (EGOI 2026) олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады.

Барлық қатысушыларға қатысу сертификаты табысталады.

Тіркелу @CPFED.KZ профиліндегі сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Өз мүмкіндігіңізді пайдаланып, жаңа тәжірибе жинап, Қазақстанды халықаралық деңгейде таныстыратын команданың мүшесі болыңыз!