Бикеш Қайдарқызы Құрманалиева – TechnoWomen коммерциялық емес ұйымының Стратегиялық кеңесінің төрайымы, Қазақстандағы цифрлық трансформация саласының беделді көшбасшысы және IT қауымдастығының жарқын өкілі.
Қазіргі уақытта ол «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС-нің бас директоры, TechnoWomen ұйымының тең құрылтайшысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Көпжылдық кәсіби қызметі барысында Бикеш Қайдарқызы еліміздегі электрондық үкімет пен IT саласының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ірі ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарды:
▫️ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
▫️ «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ
▫️ «Қазақтелеком» АҚ
🏅 «Құрмет» орденімен марапатталған.
Оның кәсіби жолы, көшбасшылығы және елдің цифрлық экожүйесін дамытуға қосқан үлесі технология саласындағы жаңа буын қыз-келіншектерге үлкен шабыт береді.
