Астанада өткен TechGirls «Motivation Day»: IT саласындағы болашақ көшбасшыларға шабыт

2025 жылғы 22 сәуірде Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясында Халықаралық қыздар мен қыз-келіншектердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы күніне орай TechGirls «Motivation Day» атты танымдық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушыларының цифрлық дағдыларын дамыту, технологияға деген қызығушылығын арттыру және АКТ саласында болашақ мамандық таңдауға шабыт беру.

Бағдарлама аясында қатысушылар жасанды интеллект, робототехника және инновация бағыттары бойынша тәжірибелі мамандардың мотивациялық баяндамаларын тыңдап, практикалық воркшоптарға қатысты. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, технология саласындағы мүмкіндіктер мен заманауи трендтер туралы айтты.

TechGirls «Motivation Day» – қыздарға білім, мотивация және жаңа мүмкіндіктер ұсынған маңызды алаң болды.